ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Nur Otan" партиясының көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі.

Бүгін Саран қаласында сайлауалды үгіт науқанының белсенді қатысушыларына "Nur Otan" партиясының көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаттарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н. Тәжібаева сайлауалды штаб мүшелеріне, депутаттарға, партияның кадр резервіне енген кандидаттарға, байқаушылар мен сенімді өкілдерге белсенді жұмысы үшін Елбасының Алғыс хатын табыс етіп, барлық қатысушыларға атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

«Nur Otan» – мақсаты айқын, нақты істер партиясы! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!