Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев сайлауалды жастар штабымен кездесті
Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Маңғыстау өңіріне келіп, сайлауалды жастар штабымен кездесті.
Кездесу барысында сайлауалды жастар штабының жұмысымен танысып, үгіт-насихат кезеңінде атқарылып жатырған жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытында бірнеше ұсыныстар берді. Кездесу соңында жастар штабының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.
