«Nur Otan» партиясының депутаты споршыларға қаржылай қолдау көрсетті
«Nur Otan» партиясының Алтай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына «Алтай қаласының балалар жасөспірімдер спорт мектебі»КММ директоры Мұрат Мақсатұлы Байболов бокстан Республика чемпионатқа бару үшін қаржылай қолдау көрестуді сұрап өтініш білдірген болатын.
Мекеме басшысының өтінішіні Алтай ауданы мәслихатының депутаты Смирнов Илья Сергеевич қабыл алып, Республикалық чемионатта өңір намысын қорғайтын өрендерді қолдайтындығын жеткізді.
- Атырау қаласында өткен чемионатқа спортшыларымыздың қатысуына қолдау білдірген «Nur Otan» партиясының депутаты оған Илья Сергеевичке алғыс айтамыз. Спортшыларымыз дүбірлі додаға қатысып жүлделі оралды. Чемпионат қорытындысы бойынша біздің спортшы, Лұқпанов Шалқар 3 орын алып, 66 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Жас спортшыларды қолдау-қазіргі қоғамда толық бейімделу үшін оларды одан әрі дамытуға ынталандыру»- деп ойлаймын деді Мұрат Мақсатұлы.
