Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы

«Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы

2021 жылғы 2 маусым күні Zoom платформасы арқылы онлайн-форматта «Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтті.

Конференцияның жұмысына: аудандық филиалдың Саяси кеңесінің мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттың депутаттары, БАҚ өкілі және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттары қатысты.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

1) «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасын сайлау туралы;

2) «Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;

3) Глуховка және Беген ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттар ұсыну туралы.

Конференция қорытындысы бойынша партия мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қаулылар қабылданды.

0
0
155

Осы тақырып бойынша