«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссия отырысы өтті
«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс жұмысына комиссия мүшелері мен жергілікті атқарушы органдар қатысты.
Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы бойынша халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және қолданыстағы коммуналдық инфрақұрылым мен желілерді ұстауға, жөндеуге және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау үшін партия мүшелерінің жауапкершілігі туралы мәселелер қаралды.
Комиссия мүшелері ауыз су төлемдерін субсидиялауды, жоспарлардың орындалуын талқылады.
Осы отырыста көтерілген барлық мәселелер "Nur Otan"партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының ерекше бақылауында болады.
