«Nur Otan» партиясының басты құндылығы қашанда — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі.
Сондықтан, алдағы 10 жылдықта даму жолымыз айқын деп нық айта аламыз.
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Гани Ташкараев "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында көп балалы аналармен кездесті.
Кездесуде көпбалалы аналарға тағайындалған жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және баспаналы болуға қатысты мемлекет шаралар мен қолдаулар туралы кеңінен түсіндірілді. Одан бөлек, кандидат көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдап, мазалаған сауалдарына жауап берді.
