Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының бағдарламасын таныстыру

"Nur Otan" партиясы өңірлік даму бағдарламасын насихаттау мақсатында тоқталған кезекті нысанымыз көпшілікке танымал ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІНІҢ Маңғыстау облыстық филиалы кеңсесі болды. Бүгінде атауы "Отбасы банкі" болып өзгерген бұл қаржы институты бірнеше жылдан бері елді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қабылданған "Бақытты отбасы", "7-20-25", "Нұрлы жер" сынды мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Мекеменің ұсынған қызмет түрлері мен шарттары да өзге екінші деңгейлі банктерге қарағанда әлдеқайда тиімді әрі ыңғайлы. 1 қаңтардан бастап арнайы талаптарын орындай отырып мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат берілген зейнетақы жинақтары да осы банк арқылы шығарылатын болады.

Күткеніміздей, мекеме ұжымы "Nur Otan" партиясының бағдарламасы туралы да, алға қойған мақсаттары туралы да хабардар болып шықты. Оның үстіне, банк тарапынан жүзеге асырылып жатырған баспана бағдарламалары да "Nur Otan" партиясының оңтайлы саясатының жемісі екенін алға тартып отыр. Елдегі игі өзгерістерді жіпке тізіп, алдымыздан Партия үшін өзімізден бетер жанкүйер болып отырған ұжымды көріп марқайып қалдық. Әңгімеміз жарасып, аманаттарын қабыл алдық. Осы орайда, ұжымды ұйытып отырған мекеме басшысы Медет Абугалиев замандасымызға алғыс айтамыз. Ортақ мүдделеріміз жолында еселі еңбек етуді жазсын бізге!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік!

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Ерген Сыражан

0
0
190

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының бағдарламасын таныстыру - Yvision.kz