Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы – қаржылық, адами және қажетті ресурстармен толық қамтылған. Бұл бұрыннан қолға алынған реформалардың заңды жалғасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті. Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. нНұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында этникалық әртүрлілікті артықшылыққа айналдырып, өзінің ұлттық бірегей стандартын қалыптастырғанын атап өтті. Осы үдерістегі негізгі рөл, Елбасы атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында әрбір міндет егжей-тегжейлі есептеліп, нақты сандық және мерзімдік өлшемдермен, заңнамалық алғышарттармен толықтырылған. Бағдарлама дағдарыстан аман шығудың амалы ғана емес, алдағы кезеңдегі дамудың жоспары. 5 жылдық бағдарлама болғаннан кейін, осы 5 жылда қалай дамимыз, тек қана мұнайға қарап қалмай, баяғыдан сөз болып келе жатқан диверсификация мәселесін қалай қолға аламыз, қалай іске асырамыз деген жағдайлар және маған ұнаған тұсы – бұл тек қана популизм немесе жалпылама уәделердің жиынтығы ғана емес, әрбір қойылған міндеттер мен мақсатқа жетудің нақты тетіктері көрсетілген. Ең басты нәрсе оның барлығы құр сөз, уәде емес. Мемлекетті басқарушы, қазір билікте отырған партия болғандықтан, Қазақстанның жалпы ішкі экономикалық мүмкіндігін, барлығын елеп, екшеп, бүгінгі біздің экономикамыздың шамасы жете алатынын біліп, осындай бағдарламамен халық алдына шықты. Байқасаңыздар, «Nur Otan» партиясының қазіргі кезде Мәжіліс депутататтығына ұсынып отырған депуттардың көбісі елге белгілі, танымал, тәжірибелі мамандар. "Каменка" бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Мейманханов.

0
0
185

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының бағдарламасы - Yvision.kz