«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі
«Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі.
Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да тақырыптары осы қоғамдық қабылдау алаңында көтеріліп жатады.Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын өз деңгейінде жүргізу аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді.Әр қоғамдық қабылдауды кестеге сәйкес өткіземіз.Аудандық мәслихат депутаты Орынбасар Кушев пен аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерсайын Шайымбетовтың қабылдауында болған азаматтар емдеуге материалдық көмек алу,тұрғын үй кезегіне тұру туралы өтініштерін білдірді.Тұрғындар сұрақтарына заң аясында түсіндірілді.Санитарлық талаптарға сәйкес қоғамдық қабылдау онлайн форматта жүргізілді.
