«Nur Otan» партиясынан Жәнібек аудандық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер тізімі жарияланды
«Nur Otan» партиясынан Жәнібек аудандық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер тізімі жарияланды
Бүгін Жәнібек аудандық «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев төрағалық етті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 9 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Жәнібек аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Жалпы, Жәнібек аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 55,5%-ке жаңарды. Орташа жасы – 43, яғни 7 жылға жасарды.
Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 6 кандидат – праймериз жеңімпазы, 3 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 33,3%-ы әйелдер мен 22,2%-ы 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.
Негізінен аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім, мәдениет саласы және үкіметтік емес ұйым саласының өкілдері енді. Сонымен бірге 1 көпбалалы ана да ұсынылды.
«Nur Otan» партиясынанЖәнібек аудандық мәслихатына депутаттық мандаттарды бөлу тізімі
1. Иманғалиев Мирас Нұржолұлы.
2. Избасова Саида Айтжанқызы .
3. Ихсанов Берік Қабделұлы
4. Кадимов Тахир Зинурұлы.
5. Кенжалиева Салтанат Мухтарқызы.
6. Каракулов Бауыржан Әмиржанұлы.
7. Куаналиев Біржан Кайргалиұлы.
8. Хаби Мейіржан Халиханұлы .
9. Шагирова Райгуль Галимжанқызы.

