Nur Otan партиясынан Павлодар қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар жасарды
Nur Otan партиясынан Павлодар қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар жасарды Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Nur Otan партиясының Павлодар қалалық кезектен тыс конференциясы өткізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі. Күн тәртібіне сәйкес облыс орталығының әртүрлі мәжіліс залдарына жайғасқан 106 делегат партия облфилиалының конференциясына қатысатын делегаттарды ұсыну және Nur Otan партиясынан Павлодар қалалық мәслихатына кандидаттар тізімін бекіту мәселелерін қарастырды. Партия облфилиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко атап өткендей, барлығы ашық және санитарлық нормалар сақталуымен өткізілуде. - Өткен жылғы шақырылымдарға қарағанда үміткерлер тізімі 55%-ға жаңарды, - дейді Илья Теренченко. – Мәселен, алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттық корпусының небары 40%-ы жаңа тізімге енді. Дебаттар мен ашық сайлау нәтижесінде партияның жаңа есімдері пайда болды. Кандидаттардың 20%-ы жастар. Партия облфилиалының бірінші орынбасары атап өткендей, парттізімдерге бұрын партия өміріне мүлдем қатыспаған, тіпті партия қатарында болмаған адамдар енді. Бұл Nur Otan партиясының жаңа форматтағы жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Конференция барысында қалалық филиалдың жаңартылған сайлауалды бағдарламасы да қабылданды. Оған праймериз кезінде халықтан жиналған өтініштер негізіндегі жұмыс бағыттары енді.
