Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясынан депутаттыққа кандидат кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті."Nur Otan" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидатСамат Мусабаев, қалалық депутаттыққа үміткерЗарипа Шолтанова

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіподақ ұйымдарының көптеген өкілдері партия бағдарламасымен жақсы таныс. Өйткені, елімізде жүргізілген праймериз кезінде кәсіподақтардың көптеген мүшелері де қатысуға өтініш беріп, белсенділік танытқан. Кәсіподақтардың осы сайлау алдындағы науқанға қатысуы "Nur Otan"партиясымен арадағы Меморандумды іске асырудың жалғасы болған. Партия ішіндегі праймериз Қазақстанда алғаш рет өткізілгенін ескере отырып, кәсіподақ белсенділерінің осындай саяси акцияға қатысуы еліміздің кәсіподақ қозғалысы тарихындағы жаңа серпіліс болды дейді кандидаттар. Қазіргі уақытта кәсіподақтардың рөлі ерекше маңызды. Мемлекет басшысы да өз Жолдауында еңбек құндылықтарына назар аударып, оны арттырудағы кәсіподақтардың рөлін нақты атап өткен.

Сондай-ақ, үміткерлер қыркүйекте Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы қабылданғанын және онда қарапайым жұмысшылардың мәселелері белгіленгенін де айтып өтті. "Nur Otan" партиясы бұл бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырмақ. Сондықтан кандидаттар кәсіподақ мүшелерін сайлауға белсенді қатысуға және елдің билеуші партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
107

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясынан депутаттыққа кандидат кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті. - Yvision.kz