Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында бүгінгі күннің алғашқы кездесуі әйел кәсіпкерлер мен мәдениет саласының өкілдері және үкіметтік емес ұйым мүшелерімен өтті. Кездесуді әріптестерім ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Берік Оспанов, Берік Бекжанов қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Есемхан Бертаевпен бірге өткізді.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылда "Nur Otan" партиясы тарапынан іске асырылатын жұмыстарды баян еттік. Бағдарламамен танысқан қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, кей мәселелердің шешілуіне "Nur Otan" партиясының ықпал етуін сұрады. Алдымен, тұрғын үй мәселесі – тұрғын үй кезегіне тұру, кезекте тұрғандары кезектің баяу жылжуының себебін сұрап, осыны қолға алуды сұрады. Сондай-ақ, зейнетақы қорынан қаражат алу мәселесін мұқтаж жандарға қарастырса екен тілектерін жеткізді.

Қатысушылардың мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткіздік.

"Nur Otan" партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз!

0
0
157

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз! - Yvision.kz