«Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды
«Nur Otan» партиясын қолдауға шақырдым
Райымбек ауданында Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бас қосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып тіркелген өзім және Жанна Тілеубекқызы арнайы келіп және облыстық, аудандық маслихат депутаттығына үміткер кандидаттарда қатысты.
Отырыстың басын «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г. Р. Арипова ашып, жүргізіп отырды. Сөзінің басын аман-саулықтан бастаған Г. мені және Ж. Тілеубекқызын халық таңдауына ие болып Мәжіліске депутаттыққа кандидат болып тіркелегендерімен шын жүректен құттықтады.
Жиналған халықты ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аудан тұрғындарына өзіне сенім артқаны үшін алғысымды білдірдім. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, біздің партияға дауыс беруге шақырдым.
