«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІII конференциясы
"Ken Jylyoi"аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІII конференциясы өтті.
Жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Халел Жамалұлы төрағалық етіп, конференцияның өкілеттілік нормасына сай 12 бастауыш партия ұйымының партия қатарындағы 3663 партия мүшесінен 50 делегат қатысты. Олардың қатарында аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің және Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, партия ардагерлері, фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері болды.
Жиын барысында «Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Жылыой ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді.
Одан әрі облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылған "жабық, электронды, рейтингтік "дауыс беру бағыты бойынша кандидаттар пікірсайыс қорытындысы арқылы айқындалды. Қорытынды бойынша алға суырылып шыққан үміткерлер: Сарсембаев Сырымбек Жақсыбекұлы - 40 дауыс, Аманчина Айкен Аманқосқызы - 34 дауыс, Сисенов Айтпай Фандыбайұлы - 24 дауыс, Хамитова Гүлсім Жақайқызы - 24 дауыс, Еңсепов Қайрат Байжанұлы -20 дауыс, Атабаева Алтынгүл Мырзалыққызы-20дауыс жинады.
Сондай-ақ, Жылыой аудандық мәслихаттың депутаттығы сайлауының партиялық тізіміне 30 адам бекітілді.Жиын барысының келесі кезеңі бойынша «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясына делегаттар сайланды.
Аудан әкімі Халел Жамалұлы ауданда Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын өткізу үшін «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штабы құрылғанын атап айтты. Аталған штабтың төрағалығына аудандық мәслихат хатшысы Таласов Сайлаубай Сұлтанғалиұлының кандидатурасын ұсына отырып,аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасарлығына
«Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Темірбаева Шынаргүл Жаңайқызы мен Елеусінов Ерболат Құлхайұлының бекітілгенін айтты.
Жиын барысында конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, хаттама толтырыла отырып,Конференция өз мәресіне жетті.
# nurotan_kulsary
#конференцияХХХIII
