«Nur Otan» партиясы Жетісай ауданы
«Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Оспан Асанов және Басымбекова Рахила Атамекен ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірді дамыту, оның экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыру бойынша міндеттерді одан әрі іске асыру жолдары туралы сөз болды.
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтып және партияға өз қолдауларын білдірді. Үміткерлер партиямыз медицинаға аса көңіл аударатындығын және медицинаны жақсарту сайлауалды бағдарламада толық қамтылғанын жеткізді.
