«Nur Otan» партиясы жас мамандарды ауылды жерлерге тартуға ықпал етпек
ZOOM платформасы арқылы өткен жиында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.
Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. Партия денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салады.
«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасына сәйкес Шорнақ, Ескі Иқан, Қарнақ елді мекендерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, Қарнақ ауылындағы жабылып қалған аурухананы стационарлық-емхана ретінде қайта ашуға, жас мамандарды ауылды жерлерге тартуға ықпал етпек.
