«Nur Otan» партиясы жас депутаттар корпусын құрды
«Nur Otan» партиясы жас депутаттар корпусын құрды
⠀
«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерлерін біріктіруге ниетті.
⠀
Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша белгіленген квотаның арқасында барлық деңгейдегі мәслихаттарда «Nur Otan» партиясының жас депутаттарының саны 3 есеге – 7-ден 23%-ға дейін артты. 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қабылданып, онда әлеуметтік лифт құру, жастардың бастамаларын іске асыру, жұмысқа орналастыру, білім беру сапасын арттыру сияқты және т. б. 100-ден астам нақты шаралар қамтылды.
⠀
«Корпус жұмысы аясында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әртүрлі санаттағы жастармен байланыс орнату маңызды. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеуге, барынша ашық әрі халыққа жақын болуға ден қою қажет екендігін айтып өтті. Біздердің әрқайсымыз – Партияның сенім мандатына ие болған жас саясаткерлеріміз.Сондықтан жас депутаттар корпусына партия тарапынан барынша қолдау көрсетілетін болады», - деді жастармен өткен онлайн кездесу барысында партия Хатшысы Әлібек Әлденей. @alibekaldeney
⠀
Дауыс беру қорытындысы бойынша Жас депутаттар корпусының басшысы болып Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев сайланды.
⠀
#NurOtan
