"Nur Otan" партиясы Жарма аудандық филиалының конференциясы
Аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы өткізілді.
Айта кету керек, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция жаңа форматта өтті. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жалпы саны 44 делегат қатысты.
Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин төрағалық етіп, делегаттарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Конференция барысында делегаттар Жарма ауданының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан бекітті.
Конференция барысында делегаттар Жарма ауданының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан бекітті. Аудан бойынша сайлауалды бағдарлама партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың ел экономикасын дамыту, пандемия зардаптарын жұмсарту арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары, сондай-ақ өңірді дамыту бағдарламасы негізінде әзірленді. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламада аудан тұрғындарының ұсыныстары көрініс тапты.
Сондай-ақ, конференция барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер 4 кандидат арасында пікірталас өтті. Үміткерлер өзекті мәселелерді көтеріп, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, кәсіпкерлік және т.б. салалардағы сұрақтардың шешу жолдарын ұсынды.
Конференция жұмысына қатысқан партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарға дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша басым дауысқа ие болган кандидаттар анықталды.
Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердібек Оразғалиев Жарма аудандық мәслихаты депутаттарының партиялық тізіміне енген жиырма төрт үміткерді ұсынып, конференция делегаттарының дауыс беруімен бекітілді.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы делегаттары бекіді.
