«Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалының кезектен тыс XXII конференциясы өткізілді.
Конференция жұмысына Nur Otan партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин төрағалық етіп, делегаттарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Конференция барысында делегаттар Жарма ауданының Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын бірауыздан бекітті
Сондай-ақ, конференция барысында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер 4 кандидат арасында пікірталас өтті. Үміткерлер өзекті мәселелерді көтеріп, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, кәсіпкерлік және т.б. салалардағы сұрақтардың шешу жолдарын ұсынды.
Конференция жұмысына қатысқан партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттарға дауыс берді. Оның қорытындысы бойынша Анар Кабдрахманова мен Айбек Қарсақбаев басым дауысқа ие болды.

Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердібек Оразғалиев Жарма аудандық мәслихаты депутаттарының партиялық тізіміне енген жиырма төрт үміткерді ұсынып, конференция делегаттарының дауыс беруімен бекітілді.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы делегаттары бекіді.
