Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы жанды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

Осы орайда «Nur Otan» партиясы «Есіктен есікке» акциясын қолға алып, саяси науқанды жанды форматта жүзеге асыруда. Бұл акцияға партияның облыстық филиалы, депутаттыққа үміткерлер белсенді атсалысуда.

13 желтоқсан күні Бейнеу ауданында дәл осы акция аясында аудан халқымен жүзбе-жүз кездесулер өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сағатбек Жұбанов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ұлмекен Бисенғалиева аудан тұрғындарының шаңырақтарына арнайы барды. Партия төрағасы Елбасымыздың ел тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Бейнеу ауданын экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екені айтып, тұрғындардан мазалаған мәселелері жөнінде сұрады.

Аудан халқы да өз тараптарынан алғысын білдіріп, үйме-үй аралап ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы жанды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде - Yvision.kz