Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Карантиндік шектеулерге байланысты тұрғындармен аймақ басшысы арасындағы диалог онлайн форматта өрбіді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн қабылдауда Байзақ ауданының Бурыл ауылынан байланысқа шыққан кәсіпкер Айнұр Дарменбаева біраз уақыт бұрын тігін цехын ашқанын айтып, қолдау білдіргендерге алғысын айтты. Ал Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылының тұрғыны Тілеухан Әзімханов жер мәселесін көтерді. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Қаракемер ауылында балабақша соғып бастаған азаматша қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімі қабылдауда көтерілген мәселелерге тиісті жауап қайырып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Тараздық Нұрғали Қазыбекұлы өзінің кафесін балабақшаға ыңғайластыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл ұсыныс аймақ басшысының көңілінен шықты.

Қабылдау барысында сондай-ақ, құрылыс кезінде қолданылатын материалдар сапасы, су қоймаларының жағдайы, суармалы жерлерді көбейту жөнінде сұрақтар көтерілді. Өңірдегі инватакси қызметін жетілдіру керектігі де айтылды. Бердібек Сапарбаев көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізіп, тиісті салалық басқармаларға тапсырмалар жүктеді.

0
0
222

Осы тақырып бойынша