Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалында жиын өтті

«Жол картасының» 2.1 тармағын жүзеге асыру үшін өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларға жедел көмек көрсету үшін құрылған шұғыл әрекет ету тобының құрамымен кездесу өткізді.Кездесу барысында шұғыл әрекет ету тобы Ұзынағаш ауылының тұрғыны 2006 жылы дүниеге келген Н.Шагреева есімді оқушы қыздың осы уақытқа дейін құжатсыз жүргенін, қазіргі таңда апасының қолында тұрып жатқанын алға тартып, құжаттандыру мәселесін ретке келтірсек деген ұсыныс айтты.Өз кезегінде Ықылас Еркінұлы бұл мәселені өзінің назарына алып, алдағы уақытта тиісті мекемелермен байланыс орната отырып, оң шешімін табуға көмек беретінін жеткізді.

0
0
248

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалында жиын өтті - Yvision.kz