«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалына Мыңбаев ауылының тұрғыны Ә.Нұризат азаматша келді
Облыстық мәслихат депутаты Елдос Жақсылықұлы Үшкемпіров Әділғазы Нұризаттың сөзін жерге тастамай қызын "Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында Алматы қаласындағы білікті дәрігерлерге апарып, «Мақсат-Мед» медициналық орталығында ем-домын толық жасату үшін қаржылай қолын созуда. Қазіргі таңда Қанаят Нұрайым күнделікті ем-домын алып, арнайы «Мақсат-Мед» медициналық орталығына, емделуде.Қызының еміне қаржылай көмек қолын созған облыстық мәслихат депутаты Елдос Жақсылықұлы Үшкемпіровке Әділғазы Нұризат өзінің алғысын айтып, ризашылығын білдіруде.