Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті.

Конференцияға партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, сонымен қатар аудандық мәслихат депуттатары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық маслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясына қатысуға делегаттар сайланды.

Аудандық мәслихаттың тізімінде әйелдердің үлес саны 27,3 пайыздан 31,8 пайызға дейін артты. Ал 35 жасқа дейінгі жастар – 9,1 пайыздан 36,4 пайызға артты. Үміткерлердің орташа жасы 56-дан 42 жасқа дейін төмендеді.

Тізімдегілердің көпшілігі – білім саласы - 45,4%, мәдениет және спорт саласы – 13,6%, ауылшаруашылығы – 13,6%, шағын және орта бизнес өкілдері – 4,5%, денсаулық сақтау саласы – 9,1%, өнеркәсіп – 4,5% және т.б.

Конференция барысында "Nur Otan" партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов пікірсайыстың ережесін айтып түсіндірді. Модератордың жүргізуімен ең көп дауыс жинаған 4 үміткер өзара сынға түсті.

Екінші кезеңде кандидаттар бір-біріне сұрақ қойып, жауап берді. Пікірсайыс аяқталған соң жиналған партия мүшелері дауыс беріп, нәтижесі экран бетіне шығарылды.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша көш бастаған Алтынбек Серікқалиұлы мен екінші орынға жайғасқан Әлихан Досмұхамбетов облыстық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелді.

0
0
294

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы - Yvision.kz