«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткізілді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткізілді. Бюро отырысына филиал төрағасы А.Сафималиев төрағалық етті. Бюроның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезекті ХХХVI есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және күн тәртібін бекіту туралы сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезекті ХХХVI есеп беру-сайлау конференциясы ағымдағы жылдың 27 сәуір күні сағат 11.00-ге шақырылып, конференцияның күн тәртібі бекітіліп, онлайн форматында өткізу жөнінде бекітілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партия филиалы жанындағы жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді.


