«Nur Otan» партиясы Зайсан аудандық сайлауалды қоғамдық штабының құрамында 47 белсенділері.
«Nur Otan» партиясы Зайсан аудандық сайлауалды қоғамдық штабының құрамында 47 белсенді партия мүшелері бар. Штаб 10 желтоқсаннан бері арнайы құрылған жоспар бойынша жұмыс жүргізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын сайлаушылар арасында кеңінен насихаттау үшін «Nur Otan»партиясының партиялық тізіміне кірген 2 облыстық маслихат ,24 аудандық маслихатдепутаттығына үміткерлер сенімді өкілдермен бірге желілік кестеде жоспарланған іс-шараларды толық орындап, оның сыртында 1546-ы офлайн, 614 онлайн форматта кездесу өткізді. Бұл кездесулерде 8 ауылдық округ, 1 қала округі тұрғындары мүмкіндігінше қамтылса, әр сала –білім, денсаулық, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлер, өзге де қызмет көрсету мекемелері ұжымдары үшін арнайы кездесулер өткізіліп, ұсыныс –пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, «Nur Otan»партиясының аудандық сайлауалды қоғамдық штабы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 39 тұрғын жеке қабылдауға келді. Кездесу кезінде қойылған 100-ден артықұсыныс-пікірлердің басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды.Атап айтқанда, шағын ауылдарды жарықтандыру,ауылдардағы жолдарды жөндеу,газдандыру,бүгінгі күндегідүкендердегі,базардағы бағаның тұрақсыздығы,кейбір елді мекендердегі интернет желісі қуаттылығының төмендігі,мектепке дейінгі тәрбие беруде жекеменшік балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы мен тұрғын үй кезегіне тұруын реттеу,әйелдердің зейнеткерлік жастарын төмендету,сондай-ақ дәрігерлер мен мұғалімдерді тұрақтандыру үшін қызметтік тұрғын үйлер салу, ауылдарда еріктілер жұмысын кеңінен ұйымдастыру, шаппалық жер мәселесі, жеңілдетілген несиелер алуға қолжетімділік, тағы да өзге сұрақтар болды.
