«Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық Саяси кеңесі Бюросының отырысы болып өтті
Саяси кеңес Бюросының отырысы «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалының төрағасы, Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов төрағалық етті. Отырыста Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі» «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы талқыланды. Отырыс аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Әйтеке би ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасын талқыланды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға негізделген Жол картасы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы 5 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспарын айшықтайтын Жол картасының біздің ауданымызда жүйелі орындалуы әрбір фракция мүшесінің жауапкершілігінде. Сондықтан фракция отырысында Жол картасының нақты индикаторларының орындалуына бақылау жасау үшін әрібір сала бойынша жауапты ретінде аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері бекітілді. Әр бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылды.
