ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті

Депутаттық фракциясының отырысы «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалының төрағасы, Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов төрағалық етті.

Жиын аясында алдымен «Nur Otan» партиясы Әйтеке би ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, яғни Жол картасы талқыланды. Сайлауалды бағдарламада осы бағыттағы жұмыстардың қолға алынбағы мейлінше пысықталып, көрсетілгенді. Сол себепті де Жол картасы бойынша әр салаға депуттаттар бекітіліп, олар жасаған жұмыстары бойынша есеп беріп отыруға міндеттелді. Аталған мәселе бойынша бекітуді Саяси Кеңес бюросына ұсынылды.

«Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Әлібаев:

-Біздің бағдарлама туған өлкемізді түлетуге, өркендетуге, ауданымызды дамытуға бағытталған.

Ауданымыздың әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, еңбек етіп, әр саланың барынша дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратын боламыз. Жол картасы аудан дамуының көрсеткіші деп білемін. Сол себепті де партия белсенді мүшесі ретінде барлық күш-жігерімді ауданымыздың дамуына, болашағының жарқын да жасампаз болуына арнаймын.

Дина Кыдырбаева, Әйтеке би аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракциясының мүшесі, «Комсомол жалпы орта мектебі» КММ директоры:

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы. Мен білім саласының маманымын. Сондықтан ауданымызда осы саланың әрі қарай дамуы үшін еңбектенетін боламын. Бағдарлама бар, жоспар нақтыланды. Халықтың сеніміне лайықты, сайлауалды бағдарламаны іске асыруда әріптестерім белсенділік танытады деп ойлаймын.

Осындай мақсат-мүдделерді алдына қоя отырып, нақты істерімен көрінуге міндеттенген депутаттардың партияның халық игілігі үшін жұмыс атқаруға тиіспіз деген саясатына берік болмағы бұл жиында анық көрініс тапты «Nur Otan» — Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Сакен Нуржанов, Әйтеке би аудандық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Әйтеке би аудандық филиалы жанындағы депутаттық фракциясының мүшесі, Әйтеке би орталық аймақтық ауруханасының Қарабұтақ дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері:

- Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Күні кеше ел сеніміне ие болып, лайықты деп танылған халық қалаулылары Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істеріне сенемін. Бүгінгі жиыннан түйген ойым - әр депутат сайлауалды бағдарламада айтылған жұмыстарды жүзеге асыруға, қолдау көрсетуге күш салары анық. Алдымызда атқарылар жұмыс көп, бағытымыз айқын, бағдарламамыз қолымызда. Ендігі жерде Жол картасын басшылыққа алып, жауапкершілікті жете сезініп, мәселелердің оң шешімін табу бағытында жұмыстанатын боламын.