Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының кезектен тыс ХХV есеп беру-сайлау конференциясы

Бүгін Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының кезектен тыс ХХV есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Конференция пандемиялық жағдайға байланысты ZOOM платформасында онлайн форматта жүргізілді. Күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019 – 2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері мен филиалдың Саяси кеңесін сайлау, сонымен қатар партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды. Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы Шухрат Турдахунұлы баяндама жасап, 2019-2020жылдары атқарылған жұмыс жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар Саяси кеңес құрамы бекітіліп, партияның аймақтық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

0
0
134

Осы тақырып бойынша

Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының кезектен тыс ХХV есеп беру-сайлау конференциясы - Yvision.kz