«Nur Otan» партиясы өткізіп жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде
Қазақстан Республикасы Парламентінің төмеңгі Палатасы және барлық мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай «Nur Otan» партиясы өткізіп жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Гүлмира Кауденова «Канвассинг» шарасы бойынша Жәнібек ауылының тұрғыны, зейнеткер Болат Закариннің үйінде болып, отбасы мүшелерімен кездесіп қайтты.
Еркін түрде өткізілген кездесу барысында жергілікті өкілді орган депутаттығына кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған мақсат-міндеттерді жіті түсіндіріп, ел экономикасын одан әрі дамыту арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде Болат Закарин партияның ел азаматтарына көрсетіп жатырған қамқорлығына шынайы алғысын білдіріп, келер жылы өткізілетін сайлауда партияны жақтап, өз дауысын «Nur Otan» партиясына беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ ол елімізге береке-бірлік тілеп, ел игілігі үшін қалтқысыз қызмет атқарып жүрген барша азаматтарға сәттіліктер тіледі.
Кездесу соңында отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихаттық материалдары таратылып берілді.

