«Nur Otan» партиясы өткізіп жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауына орай «Nur Otan» партиясы өткізіп жатырған сайлауалды үгіт жұмыстары шеңберінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуаналиев, Тахир Кадимов, Гүлмира Кауденова және Саида Избасова партияның аудандық филиалында аудандық балалар саз мектебінің және мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымдарымен, сондай-ақ Жәнібек ауылының бір топ өзін-өзі қамтушы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Өз сөзінде Біржан Қуаналиев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі басымдықтарды атап өтіп, алда тұрған мақсат-міндеттерді саралап берген болса, Тахир Кадимов партия тарапынан аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды. Ал Гүлмира Кауденова және Саида Избасова мемлекеттік қызметті жетілдіру және әлеуметтік саланы қолдау бойынша қолға алынған шараларды түсіндіріп берді.
Кездесуде Жәнібек ауылының тұрғыны Анаргүл Кенжеғалиева партияның ел игілігі үшін атқарып жатырған жұмыстарына өз ризашылығын білдіріп, мемлекетімізді одан әрі дамуын қолдау бағытында алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үндеу жасады.
Шара соңында кездесуге қатысушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихаттық материалдары таратылып берілді

