«Nur Otan» партиясы Тереңкөл ауданы бойынша филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы
Конференцияның қарауына келесі күн тәртібі ұсынылды: 1. Тереңкөл ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасын сайлау туралы. 2. «Nur Otan» партиясы филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы. «Nur Otan» партиясы Терекөл ауданы бойынша филиалының төрағасы қызметіне Серік Барлыбайұлы Батырғожинов бірауыздан сайланды. Zoom конференциясы арқылы өткен конференцияға: «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Теренченко Илья Сергеевич және «Nur Otan» партиясының Павлодар облысы бойынша депутаттык фракциясы басшысының орынбасары Нурханова Гульмира Габдулхамитовна қатысты.
