"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті.
Бүгін аудандық "SamGau" коворкинг орталығында «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық филиалы кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті. Конференция жұмысы барысында Тасқала ауданы мәслихатына арналған «Nur Otan» партиясының тізімі жасалды.
Тасқала аудандық «Nur Otan» филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде Мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясына қатысуға делегаттар сайланды.
Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлес саны 45,4% , ал 35 жасқа дейінгі жастар 50% құрап отыр. Үміткерлердің орташа жасы 63 жас. Қызметтегі депутаттардың ішінен 4 адам ғана жаңа тізімге енгізілген.
Тізімдегілердің көпшілігі - шағын және орта бизнес өкілдері - 9%, білім саласы – 22,7%, үкіметтік емес ұйымдар – 4,6% , денсаулық сақтау 4,6%, мәдениет және спорт 22,7%, партия қызметкерлері 4,6%, ауылшаруашылығы 18,2%, басқалары 13,6% .
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 2 үміткердің ішінен Конференция жұмысына қатысушы делегаттар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы аудандық өкілдік квотасына сәйкес 1 үміткерді таңдады. Пікірсайыс қорытындысы бойынша:
Ликеров Аскар Тлеккаблович- 27 дауыс, Бактыгереева Ансаганым Алибековна 11 дауыс жинады.
