«Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанна Кәдірқызы штаб отырысын ашып, барлық нұротандықтарға сәттілік тіледі.
– Біздің алдымызда өте жауапты кезең тұр. Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламаларды орындауда Тұңғыш Президенттің жобалаларын сөзсіз іске асыруда. Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсанда сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды.
Біздің филиал толығымен дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенді топтар мен сенімді адамдар дайындалды. Аудандық сайлау комиссияларында 21 кандидат тіркелген. Оның ішінде 17-сі праймериз жеңімпазы болса, 4-і партия филиалының квотасы бойынша еніп отыр. Біздің арамызда 108 сенімді адамдар, 54 бақылаушылар бар. Бұл сайлауда біз жеңіске жетуге тырысуға тиіспіз, - деді Жанна Кәдірқызы.
Аудандық штаб құрамына 23 адам кірді. Олар мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері арасында іріктеліп алынған. Штабтың 11 мүшесінің сайлау науқанын өткізу тәжірибесі бар.
