Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек педагогтарымен кездесті

Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір өңір, қала және аудан бойынша тұрғындардың пікірлері мен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді басшылыққа ала отырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жасақталған болатын.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыстың білім саласындағы бірқатар педагогикалық қызметкерлерімен кездесу болды.

«Nur Otan» партиясы «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жариялады.

Мысалы, Орал қаласы бойынша білім беру саласындағы басымдық білім беру объектілеріндегі материалдық-техникалық базаны күшейту мен білім сапасын арттыруға бағытталады.

2021-2025 жылдары аралығында 14 білім мен тәрбие беру мекемелерінде күрделі жөндеуден өткізу,жаңа 9 нысан құрылысының салынуы,3 жастан бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен толық қамту, мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен100 % жабдықтау т.б шаралары жүзеге асады.

Кездесу барысында ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі өлшеушісіз ұстаз рөлі,ұлттық сана мен құндылықтарымыздың жаңғыруы,қазақ тілі мәртебесі,білім мен оқулықтар сапасы т.б әңгіме қозғалды.

Соның ішінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңында көрсетілген әлеуметтік кепілдіктер мен Президент Жолдауындағы жалақының кезең-кезеңмен өсуін «Nur Otan» партиясы толықтай жүзеге асыратынын Бауыржан Қыдырғалиұлы нақтылап айтып өтті.

«Nur Otan» партиясы халықтың зор сеніміне ие болған жетекші партия ретінде жарқын істердің жаршысы əрі дем берушісі болып қала береді.

📷

3Динара Сапина, Ulyana Konstantinovna и ещё 1

0
0
126

Осы тақырып бойынша