"Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы отырысы өтті.
Отырысқа аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Жолдасова, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Ещанов және комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «Жұмыспен қамту -2020» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру;
2. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмысы;
3. Форт-Шевченко – Ақтау, Ақтау – Форт-Шевченко бағытындағы автобустың мәселесі;
4. Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігімен автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының жай-күйі.
Күн тәртібіндегі бірінші, екінші мәселе бойынша "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы" Д.Шалабаева баяндама жасады.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек алу жайында ақпарат алу үшін, тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл және ауылдық округ әкіміне жүгінеді алады. Түпқараған ауданы бойынша 01.11.2020 жылға атаулы әлеуметтік көмек 189 отбасының 1115 адамына тағайындалған" - деді Д.Шалабаева.
Күн тәртібіндегі үшінші және төртінші мәселесі бойынша "Түпқараған аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" маманы Ж.Дидарбек мәселелерді баяндады.
Аудандық "Nur Otan" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Жолдасова Форт-Шевченко – Ақтау, Ақтау – Форт-Шевченко бағытындағы автобустың мәселесі бойынша, халық игілігі үшін жасалып жатқан осындай істер тоқтап қалмауы үшін жұмыстанып, халыққа қолайлы жағдай қалыптастырып және қолдау білдіріп, мәселені аудан көлемінде ғана қарап қоймай, облысқа ұсыныс жасау керектігін айтып өтті.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы А.Ещанов мәселелерді басты назарда ұстап, барынша тезірек шешімін табуға жұмыстану керек екенін айтты.
