«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында сайлауалды штабы ашылып, штаб төрағасы Т.Даргужиевтың төрағалығымен бірінші отырысы өтті. Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 36 адам кірді.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. – деді өз сөзінде партиялық тізімге енген кандидат Ш.Дүйсенғалиева
- «Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. – деді аудандық штаб төрағасының орынбасары А.Ойшыбаева
