Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өткізілді. Конференция ZOOM платформасында онлайн форматта өтті. Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы төрағалық етті. «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезекті ХХХІІ конференциясына 17 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 48 делегаттың 46-ы онлайн форматында қатынасты. 2 делегат түрлі- себептермен қатыса алмады. Күн тәртібінде Сырым ауданы бойынша өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Аралтөбе ауылдық округі әкімі сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Мұхитов Әділхан Рақымжанұлының кандидатурасы «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылды, тиісті қаулы қабылданды.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы - Yvision.kz