Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI конференциясы өтті

Бүгін аудан орталығында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI конференциясы өтті.

Конференция жұмысына партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова, сонымен қатар аудандық мәслихат депуттатары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы бойынша делегаттардың сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыстың қортындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Шыңғырлау ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және облыстық конференцияға делегаттарды сайлау бағыттары қарастырылды.

Конференцияда сайлауалды бағдарламаны бекіту үшін партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова хабарлама жасады.

Күн тәртібі бойынша Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес қатысушылар арасындағы пікірсайыс болды.

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 20 кандидат бекітілді.

«Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVI конференциясына делегаттар сайланды.

0
0
133

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI конференциясы өтті - Yvision.kz