Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы аймақтық Экологиялық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Жиынның күн тәртідінде бұрынғы Семей ядролық полигонының экологиялық проблемаларын шешу, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу. Жалпы осы бағыттардағы партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру барысын қаралды.

Отырыс барысында Экология департаментінің ауа бассейнінің жай-күйін жақсарту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жұмысы туралы Сейтенов Нұрлан Тұрсынбайұлының баяндамасы тыңдалды.

Сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсартуға арналған жұмыстарды жақсарту мақсатында кеңес мүшелері тарапынан департамент өкілдеріне бір қатар ұсыныстар айтылды.

Жалпы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының «Экологиялық жағдайды жақсарту» бағыты бойынша Өскемен ЖЭО-да азот оксидтерінің шығарындыларын азайту бойынша жоба іске асырылды. «Эталон» фирмасы ЖШС Қалдықтарды кәдеге жаратудың жаңа технологиялары бойынша ішінара қайта өңдейтін Қоқысты сұрыптау желісін іске қосты. Өскемен қаласында қоқыс өңдеу кешенінің құрылысы іске асырылу сатысында.

0
0
173

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы жанындағы аймақтық Экологиялық қоғамдық кеңестің отырысы өтті - Yvision.kz