Nur Otan" партиясы семейлік жастарға жағдай жасайды
"Nur Otan" партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер А.Т. Сарпеков, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Б. Абдураимов, К.Р. Исмаилова және үміткер Қ.К. Тастекеевтың сенімді өкілі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, студенттерге үгіт-насихат материалдары таратылды.
- Бағдарламадағы "Жастарға арналған қала" - қаланы дамытудың жеті басымдығының бірі. Бұл бағыт бойынша өздеріңіз секілді жастарға қолайлы жағдай жасалмақ, - деді кандидаттар.
Қолданыстағы бағдарламалар аясында қаладағы жастардың жұмыспен қамтылуын, олардың шығармашылық және іскерлік өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау және жас отбасылар үшін баспана проблемаларын шешу көзделген. Ол үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын жастар арасынан кем дегенде 2 мың адамды жұмысқа орналастыру, студенттерге арналған жатақханалар салу, волонтерлік жобаларды қолдау бойынша шараларды жүзеге асырмақ. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8-ден 3,5%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
