«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы
Сондай-ақ, праймериздің 78 жеңімпазы енген Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX Съезінің күн тәртібі бекітілді.
Кеңес барысында келтірілген деректер артта қалған бес жылда «Nur Otan» партиясының қаншалықты ауқымды жұмыстар атқарғанын дәлелдеп бергендей. Осы жылдар ішінде 1,2 млн қазақстандық партияның көмегіне жүгінген болса, сол өтініштердің 92 %-ы оң шешімін тапқан. Елдегі нұротандық депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізген. Меніңше бұл аз көрсеткіш емес.
Аталған бағытта Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы тарапынан да бір қатар шаралар атқарылуда. Біздің облыста бүгінгі таңда партияның 14 қоғамдық қабылдау бөлмесі халыққа тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді. Олардың көмегімен 2016 жылдан бастап күні бүгінге дейін 8386 қабылдаулар өткізіліп, 21 532 өтінім қабылданған. Аталған өтінімдердің 12 мыңға жуығы оң шешімін тапқан болса, 7 мыңға жуық өтінімге заң тұрғысынан көмектер көрсетілген.
Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 17 тематикалық қабылдаулар ұйымдастырылып, 12 мәрте бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Сол арқылы 27 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Ал «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы бойынша ағымдағы жылыда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген 1360 азаматтарға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, «Birgemіz» қоры арқылы пандемия кезеңінде жеті санат бойынша 29 198 азаматқа бір реттік 50 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Оның сыртында 8 221 отбасыға бірінші кезекте қажетті азық түлік жеткізілді. Облыс бойынша 400-деген дәрігерге бір тонна қымыз, бір тонна сиыр және қой еті таратылды.
«Мектепке Жол» акциясы аясында БҚОФ атынан 80 балаға және облыстық мәслихат депутаттары тарапынан 300 оқушы мектепке қажетті оқу-құралдармен қамтамасыз етілді.
Қорыта айтарым, біздің филиал өңір тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіруге, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде алдағы уақытта да ауқымды жұмыстарды атқаруға ұйытқы бола берері сөзсіз.
Пост Facebook парақшасынан
