«Nur Otan» партиясы СҚФ төрағасының бірінші орынбасары Н. Тәжібаева БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.С. Тәжібаева ZOOM платформасында ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңадан сайланған депутаттарын қолдау мақсатында "Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы" БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді. 13 қаңтарда Саяси кеңес Бюросының отырысында Саран қаласы бойынша депутаттық мандаттардың тізімі берілді. Саяси кеңес Бюросының қорытындысы бойынша Саран қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның құрамына "Nur Otan" партиясынан 11 депутат кірді.
