Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2021 жылдың 8 – ші қаңтары күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Үржар ауылдық округіндегі "Алғабас" шаруа қожалығының еңбек ұжымымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

19
0
156

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы - Yvision.kz