"Nur Otan" партиясы Құрманғазы аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы
Конференцияны партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Талапұлы жүргізді. Конференцияға 50 делегат қатысты.

Конференцияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
1. «Nur Otan» партиясының Құрманғазы ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасын бекіту туралы;
2. Атырау облыстық депутаттығына ұсынылатын партиялық тізімге кандидаттарды пікірсайыс арқылы ұсыну туралы;

3. Құрманғазы аудандық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан партиялық тізімді бекіту туралы;
4. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы;
5. «Nur Otan» партиясының Құрманғазы аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
Конференциясының қарауына ұсынылған мәселелер толық қаралып, конференцияны аудандық партия филиалы төрағасы Қайрат Талапұлы қорытындылады.
