"Nur Otan"партиясы Райымбек аудандық филиалының кезектен XXVII тыс конференциясы өтті.
Бүгін Райымбек аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде "Nur Otan"партиясы Райымбек аудандық филиалының кезектен XXVII тыс конференциясы өтті.
Конференцияда 2021-2025 жылдарға арналған аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітілді, облыстық конференцияға қатысу үшін делегаттар сайланды.
Конференцияға қатысқан 32 делегат 24 адамнан тұратын партиялық тізімді бекітті, онда әйелдердің 29.15% - ы және жастардың 29.1% - ы ұсынылды.
Ауданның әр саласында қызмет ететін үміткерлер ел болашағы үшін үлкен еңбек етеді деген сенім артылды.
Конференцияны өткізу шеңберінде Алматы облыстық мәслихатының деңгейіне праймериз қатысушыларының екі үміткердің арасында жария дебаттар өтті. Кандидаттар өздерінің елді мекендерінің проблемаларын шешу туралы көзқарастарын білдіретін бағдарламалар ұсынды. "Праймериз" ақпараттық жүйесінде жасырын, электронды дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Айта кетейік, Райымбек ауданында 12 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 2140 партия мүшесі бар.
