Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы праймериздің алғашқы аптадағы қорытындысын жариялады

«Nur Otan» партиясы праймериздің алғашқы аптадағы қорытындысын жариялады ­ Осыдан тура бір апта бұрын елімізде «Nur Otan»-ның партияішілік іріктеуі - праймеризге қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. ­ Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі екенін айтқан болатын. Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау. ­ Бір апта ішінде праймеризге қатысуға 7000-ға жуық адам өтініш берген. Олардың 34%-ы – әйелдер, оның ішінде 100-і – көпбалалы ана, 24%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар, сондай-ақ 51-і – ерекше қажеттілігі бар азамат. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 2419 адам ұсынылса, кандидат – өзін-өзі ұсынғандар. ­ Естеріңізге сала кетейік, праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады. ­ Партия құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек. ­ Праймериз өткізу, сондай-ақ кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау мәселелері бойынша "Nur Otan" партиясы 8 (800) 080 4441 арнайы жедел желіні іске қосты. ­ #NurOtan #Primaries2020

1
0
230

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы праймериздің алғашқы аптадағы қорытындысын жариялады - Yvision.kz