Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы партиялық жобалардың тиімділігін барынша арттырып,

Аталмыш партия қызметін жаңғырту жұмыстарының аясында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар қарқынды жүргізіліп, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да тұрақты қолға алынуда. Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы білім алуына, олардың жұмыспен қамтылып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына және елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша көптеген тың идеялар жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмыстар тек орталық деңгейде емес, ауыл-аймақтарда да сәтті іске асырылуда. Осы орайда бүгін, Көксу аудандық партия филиалы ұйымдастыруымен, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық партия филиалының жанынан құрылған мониторингтік топ аудан орталығындағы , бірқатар әлеуметтік нысандардың және мектептердің пандустарына партиялық мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарға стандарттық талапқа келтіруге ұсыныстар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

0
0
119

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы партиялық жобалардың тиімділігін барынша арттырып, - Yvision.kz