Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмасы негізінде санитарлық нормаларын сақтай отырып, ағымдағы жылдың 3-7 қыркүйек аралығында «Nur Otan» партиясының жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының «Жастар – Отанға!», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларын тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты, аудандық әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы М.А. Қонысбаева, аудандық маслихат депутаты, кеңестің мүшесі К.К. Карагулова, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Jas Otan» жастар қанатының аудандық филиалының төрағасы М.Ж.Бердибаев және аудандық мәслихат депутаты А.С.Әбіт Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында орналасқан Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, Х.Бижанов атындағы орта мектеп, Ә.Молдагулова атындағы орта мектеп, Абай атындағы орта мектеп, № 1 мектеп гимназиясы, Розыбакиев атындағы орта мектеп, Вихрев мектебі, "Шелек политехникалық колледжі"МКҚК, Келекшек, Бәйтерек, Гүлдербала-бақшаларына, сонымен қатар, Есік қаласындағы Есік педагогикалық колледжі, Райымбек батыр, Р.Тоқатаев, Қ.Сатпаев атындағы орта мектептері, сондай-ақ, Ташкенсаз ауылдық округінде орналасқан «Ақ Бота» балабақшасы, Қырбалтабай» ауылдық округінің «Тоғжан» балабақшасы, Ақши ауылдық округінің «Үміт» балабақшасы мен «Бөлек батыр» атындағы орта мектебі, Бәйдібек ауылында орналасқан «Нұр шуақ» балабақшасы және «Островский атындағы орта мектеп», Балтабай ауылдық округіндегі «Балтабай орта мектебі» және мектепке дейінгі шағын орталығы мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында жоғарыда аталған тұлғалар білім орындарының қабырғасында білім алып жатқан оқушылардың қазіргі таңдағы жай – күйі, олардың каратин режимін сақтауы және асханада берілетін ыстық тағамдар мен спорт залдарда өткізілетін жаттығулар туралы мониторнинг жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы орындар мен олардың жүріп – тұруына жасалынған жағдайлардың стандарттық нормаларға сәйкес болулары да басты назарға алынды.

#Кедергісізкелешек

#Бақыттыотбасы

#NurOtanQazaqstan30

0
0
180

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі - Yvision.kz